Атырау, 29 наурыз 11:21
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ағаш өткел

2 783 просмотра


Атырау қаласының шетіндегі Қара депо ықшамауданының тұрғындарына қала орталығына жету қиын: жолсыз балшықпен темір жолға жетіп, кей кездері пойыздың астымен өтуге тура келеді. Олар, тіпті, ағаш тақтайлардан «өткел» де салған, бірақ бұл мәселенің шешімі емес. 

Қара депо тұрғыны Ержан ҚАРАТАЕВ:

- Ауыл ішімен №7 ші маршруттың жүруі өте сиреп кетті. Әкімдікке хат жазғанымызда қоғамдық көліктерге айналма жол арқылы Қара депоға кіру тиімсіз екенін айтқан. Шлагбаум қойып, С.Датов көшесіне темір жолды тіке кесіп өтетін тас жол салып берсе, халыққа тиімді болар еді.  


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

20 шілде 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.