Атырау, 19 сәуір 22:03
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​РФ Мемлекеттік думасы зейнет жасын көтеруді бірінші оқылымда мақұлдады

1 292 просмотра


Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасында зейнетақы жүйесін өзгертуге қатысты Үкімет дайындаған заң жобасы бірінші оқылымнан өтті, деп хабарлайды ТАСС. 

Заң жобасы ерлердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға қарай 65 жасқа, әйелдер үшін 2034 жылға қарай 63 жасқа көтеруді көздейді. Қазіргі кезде Ресейде ерлер 60 жаста, әйелдер 55 жаста зейнетке шығады. РФ Үкіметінің ұсынысына сәйкес, Ресейде зейнет жасының ұзартылуы 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске асырылады. 

Өзгерістердің қазіргі зейнеткерлерге (шамамен 46,5 млн адам) қатысы болмайды. Олар бұрын белгіленген зейнетақылары мен әлеуметтік жәрдемақыларын еш өзгеріссіз ала береді.  

Дереккөз: inform.kz

20 шілде 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.