Атырау, 25 сәуір 21:52
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Олимпиада жүлдегерінің өлімін тергеуді Бас прокурор өз бақылауына алды

1 509 просмотра


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша істің тергелуін ҚР Бас прокуроры өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Денис Теннің өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу үшін ІІД және ІІМ-нің анағұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жасақталды.

«Іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды. Тергеу амалдарының барысын Бас прокурор бақылауға алды», - делінген хабарламада. 

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында бүгін түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. 

Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. 

Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. Оқиғаның тергелуін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та жеке бақылауына алған болатын.   

Дереккөз: inform.kz

19 шілде 2018, 21:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.