Атырау, 28 наурыз 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Еуропаның ірі әуе компаниясы 300 рейсті тоқтатады

1 315 просмотра


Ирландияның Ryanair әуе компаниясы Бельгия, Португалия және Испаниядағы бортсеріктердің ереуіліне байланысты 300-ге жуық рейсті тоқтатады. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі. 

Ереуіл аталған елдерден 25 немесе 26 шілдеде ұшуы тиіс 50 мыңнан астам жолаушының жоспарының бұзылуына әсер етеді. «Жәбірленуші клиенттердің барлығына 25-26 шілдеге дейінгі 7 күн ішінде немесе одан кейінгі 7 күн ішінде ұшатын баламалы рейстер ұсынылды. Оған келіспеген клиенттер билеттерін қайтара алады», - дейді әуе компаниясының өкілдері. 

Ryanair-дың маркетинг жөніндегі директоры Кенни Якобстың айтуынша, жылына 40 мың еуроға дейін жалақы алатын бортсеріктердің ереуілі негізсіз. «Бүлік шығарғандар ештеңеге қол жеткізе алмайды, тек отбасылық мерекелерін бұзып, Бельгия, Португалия және Испаниядағы бәсекелес әуе компанияларына пайда әкеледі», - деп санайды Ryanair топ-менеджері.  

Дереккөз: inform.kz

19 шілде 2018, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.