Атырау, 28 наурыз 19:19
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Шымкентте педофил шабуылдаған баланың әкесі жүрек ұстамасынан қайтыс болды

1 799 просмотра


Шымкентте үйдің кіреберісінде педофилден зардап шеккен 11 жастағы баланың әкесі жүрек ұстамасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі баланың әжесіне сілтеме жасап. 

Осы жағдай болғаннан кейін бірнеше күннен соң 11 жастағы баланың әкесі жүрек ұстамасынан көз жұмып отыр. Туыстарының айтуынша, отағасы тұңғыш ұлының тап болған жағдайына уайымдап, ақыры шыдай алмаған.

"Ойламаған жерден болды. Ол осыған дейін денсаулығына еш шағымданып көрген емес, еш жерде есепте тұрған жоқ. Бұл оңай емес екен, әсіресе ер адамдарға мұндай жағдайды бастан кешу оңай емес. Жүрегі ұстап қалды", - дейді баланың әжесі. 

Ер адам дәнекерлеуші болып жұмыс істеген, ал әйелі тоқыма өндірісінде оператор болып жұмыс істейді. Баланың анасы декретке шыққалы бері ер адам отбасын өзі асыраған. Әжесінің айтуынша, қазір баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

Сондай-ақ, әжесінің айтуынша бала қылмыскерді көрде қатты қобалжып кеткен. Оның барлығы видеоға түсірілген. Бұл сот процесі барысында видеоны көрсетіп, баланы онда апармау үшін жасалып отыр. 

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 1 шілдеде болған.  

Әлеуметтік желілерде таралған видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруге болады. Әйел болса ер адамның артынан қуады.  Еске сала кетейік, мұның алдында шымкенттік зейнеткер балаға шабуылдаған ер адамнан қалай аман алып қалғанын айтып берген еді.

Ал кейінірек шабуыл құрбаны баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтқан болатын. Полициядағылардың мәліметінше, балаға шабуыл жасаған ер адам Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

19 шілде 2018, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.