Атырау, 28 наурыз 18:56
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Пупкина Залупкина" жанжалы: Айман Омарова прокурордың өзін сотқа бермек

5 169 просмотра


Сауалхатына кемсіту мәніндегі жауап алған адвокат Айман Омарова прокуратура туралы өткір пікір айтты, деп хабарлайды Today.kz.

Ол прокуратураға ота үстелінде қайтыс болған алты жастағы Эвелина Янушайтенің қылмыстық ісіне қатысты шағым жіберген. Бұл жанжал 2016 жылдан бері жалғасып келеді. Бірақ кезекті шағымын түсірген адвокат "Пупкина Залупкина" деп басталатын кемсіту мәніндегі хатты жауап ретінде алған.  


Хатқа прокурор қол қойған, сондықтан бұл ресми құжат болып табылады. 

"Бұл хат прокуратураның шынайы келбетін көрсетеді, егер олар адвокаттарға осылай сөйлейтін болса шын хәлдері осындай. Мен 15 күн күттім, олар содан кейін де хабарласуларына болар еді, басқа нәрсе ойлап таба алар еді, бірақ бұлай болмады. Егер олар мені Қыздаргүл Нұрбайқызы деп атаған болса, шыдар едім. Бірақ олар немқұрайлы жауап беріп қана қоймай, мені кемсітіп отыр... Олар адамдарды "Пупкина Залупкина" деп атайды, бұл факт, бұндай сөз олардың компьютерлерінде тұр, адамдарға деген қарым-қатынастарының қандай екенін көрсетеді. Ешқандай мәнінің жоқтығы күлкілі. Ол өз әрекеті арқылы менің беделіме нұқсан келтіріп отыр, прокурор жауапты клиентіме көрсететінімді біледі. Ол өте маңызды іс бойынша ресми жауап екенін түсінеді", – деді Айман Омарова. 

Адвокат істі сотқа дейін жеткізіп, Бас прокуратураға шағым түсірмек. 

Дереккөз: today.kz

19 шілде 2018, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.