Атырау, 29 наурыз 11:46
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Қара жесірден" сақ болыңыз!

5 026 просмотра

Бұқаралық ақпарат құралдарында соңғы кездері көршілес Астраханда оннан астам адамды улы қарақұрттың шағып алғаны туралы ақпарат тарады. Біздің өңірімізде мұндай жағдайлар тіркелмеген, бірақ Атырау обаға қарсы күрес станциясының эпизоотология және профилактика зертханасының меңгерушісі Федор САРАЕВ сақ болуға кеңес береді.

- Біздің далалы ыстық өңірімізде өрмекшілердің осы түрі кездеседі, өйткені олардың көбеюі үшін мұндай климат қолайлы, - дейді Сараев. - Биыл әзірге қарақұрт кездестірген жоқпын, бірақ сақ болған артықтық етпейді, әсіресе, жеке секторда тұратындарға немесе табиғатқа демалуға шыққандарға. Бір нәрсені кимес бұрын міндетті түрде оны сілкіп алыңыз.

Мамандар, атап айтқанда, аяқ киімдерді, әсіресе, ескі аяқ киімді мұқият тексеруге кеңес береді: қарақұрттар оған ұя салып, жұмыртқа салуы мүмкін. Айтпақшы, шағылысқаннан кейін қарақұрт аналығы аталығын өлтіріп, жеп қояды. Сол үшін оған «қара жесір» деген лақап ат берілген.

Анастасия АЛЮШИНА 


19 шілде 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.