Атырау, 25 сәуір 03:53
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қытайды топан су басып жатыр – жантүршігерлік кадрлар

Бейнежазба
2 462 просмотра


Қытайдың Чунцин қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 100 мыңнан астам жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

240-тан астам өзен арнасынан асып, бөгеттер жұмысы шұғыл режимге енгізілді. Табиғаттың алапат күші ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиянын тигізіп, жолдарды шайып кетті, әуе рейстері кейінге қалдырылған.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Янцзы өзенінде су деңгейі 5,92 метрге көтеріліпті. Бұл — өңірдегі 2012 жылдан бергі ең ірі су басу.

Толассыз жауған нөсерге "Мария" тайфуны себеп болған, табиғи апат салдарынан Қытайдың Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында 580 мыңнан астам адам эвакуацияланды.



Дереккөз: sputniknews.kz

18 шілде 2018, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.