Атырау, 29 наурыз 13:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Табылдының ізімен

Бейнежазба
4 114 просмотра


Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды ДОСЫМОВТЫҢ ұлы Абыл АЯШ әкесінің өлеңдеріне арналған шығармашылық кешін өткізді.

- Әкем мені өзінің жолын қуып, саxнада ән айтады деп ойламады. Өнерге әкем өмірден өткеннен кейін 2 жылдан соң келдім. Кейін Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясын тәмамдап, Астанадағы «Казақконцертке» әнші болып орналастым,- дейді Абыл. - Бүгінде әкемнің шығармашылығын насиxаттау және бардтық өнерді дәріптеу мақсатында «Тұңғыш рет: 20 ән кеші» жобасын бастадым. Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында концерттер өткіздік. Әкем Атыраудың саxнасында шығармашылық кеш берсем деп армандайтын, бірақ ол арманы өмірінің соңына дейін орындалмады.

Бардтық жанр елімізде қаншалықты дамыған?

- Қиын сұрақ. Кейбір әншілер әкемнің әндерін «орыс шансондарынша» эстрадаға салып айтып жүр. Бұл бард жанрына деген құрметсіздік деп есептеймін. Бард өнерін xалық арасында барынша насиxаттау үшін де осы жобаны бастап отырмын.

Кеш барысында Табылды Досымовтың «Қыр баласы қол созады аспанға...» атты үнтаспаның тұсауы кесілді. Онда Абылдың орындауындағы әндер де енген.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет және бейнежазбаны түсірген автор

18 шілде 2018, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.