Атырау, 18 сәуір 17:40
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Грузияда шахта опырылып, 4 жұмысшы қаза болды

1 697 просмотра


Грузияның шахтасында тағы да қайғылы жағдай болды. Кеніште метан жарылып, 4 жұмысшы қаза тапты. Алтауы түрлі дене жарақатын алған. Жарылыстан шахтаның қабырғасы мен төбесі опырылып түсті.

Қазір оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр. Тергеу амалдары басталды. Елде қаралы күн. Барлық әкімшілік мекемелерде мемлекеттік ту түсірілген. Опырылған шахтадағы үйінді астынан төрт бірдей жұмысшының денесі табылды. Күйік шалып, жарақаттанған алты адам Ткибули қаласындағы ауруханаға жеткізілген. 

Юрий Элиашвили, Ткибули ауруханасының менеджері:

- Ауруханамызға денесі күйген бес адамды әкелді. Зардап шеккендер есінен айырылып қалған. Жарақаттанғандардың екеуі әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Грузиялық төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, инженерлік-техникалық сараптама жүргізу үшін Ткибули қаласындағы барлық 25 шахта қазір уақытша жабылған. 

Заал Путкарадзе, Имерети аймағы бойынша патрульді полиция қызметінің басшысы: 

- Оқиға орнына Төтенше жағдай министрлігінің мамандары, құтқару қызметі мен жедел жәрдем жетті. Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Енді тау-кен, құрылыстағы қауіпсіздік шаралары жіті тексеріледі. Кінәлілер анықталып жатса, олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әкімшіліктің барлық қызметкерлері жауап беру үшін бөлімшеге жеткізілді. 

Атап өтейік, Миндели атындағы кеніште болған бұл бірінші жағдай емес. Осыдан небәрі 3 ай бұрын ғана дәл осындай қайғылы оқиға орын алып, ол кезде 6 адам жан тәсілім еткен еді. Тоғыз жұмысшы түрлі дене жарақатын алған. Грузияның біріккен кәсіподағының мәліметінше, жыл басынан бері жұмыс орнында қаза тапқандардың саны 29-ға жеткен.

Дереккөз: 24.kz

18 шілде 2018, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.