Атырау, 29 наурыз 12:22
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Францияда футболдан ӘЧ-2018-дегі жеңісті атап өту барысында тәртіпсіздіктер болды

1 305 просмотра


Францияда Ресейдегі футболдан ӘЧ-2018-дегі жеңісті атап өту барысында тәртіпсіздіктер болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Францияда әлем чемпионатындағы жеңісті атап өтіп жатқан жанкүйерлерге бір топ бұзақы қосылып, Триумфалды аркаға жақын орналасқан Елисей даласындағы бірқатар дүкендерді таспен атқылаған.

Осы ретте, полиция Publicis супермаркетінің шарап және шампан қорын иемденгісі келген бұзақыларға қарсы көзді жасаурататын газды қолдануға мәжбүр болған.

Бұдан басқа, бұзақылық әрекеттер Триумфалды арканың айналасындағы өзге жерлерде де болған.

Ақпаратқа сәйкес, Келісім алаңында жеңісті атап өту тыныш өтуде.

Дереккөз: Baq.kz

16 шілде 2018, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.