Атырау, 25 сәуір 03:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Автобуста кондуктордың соққысына ұшыраған әйел министрге шағымданды

1 385 просмотра


ІІМ мәліметінше, кондуктор мас болған екен. Қалалық автобуста кондуктордың соққысына ұшыраған Алматы тұрғыны ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа шағым түсірді.

Әйел адамның арызы Қасымовтың блогында жарияланған — оның айтуынша, маусымның соңында мас кондуктор өзіне қол жұмсап, салдарынан көзі көгеріп, беті ісіп, миы шайқалған екен. Ал жүргізуші араша түсудің орнына үн-түнсіз қарап тұрыпты. Ол Қасымовтан маскүнемдікке бейім, жүйкесі жұқа адамды жұмысқа алған автопаркті жазалауды сұрайды.

Қасымов берген жауабында хабарлағандай, №16 автобуста жолаушыны ұрып-соғу жайты "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелген. Күдікті ер адам ұсталып, одан жауап алынды. Кондуктордың мас болғаны анықталған.

Қасымов айтқандай, бұл іс бойынша заңды процестік шешім қабылданады. Министр тергеудің барысы мен нәтижесі жайлы әйел адамды үнемі хабардар етіп отыруға уәде берді.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 шілде 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.