Атырау, 23 сәуір 15:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болды

5 341 просмотра


Ауғанстан астанасы Кабул қаласының орталығында жарылыс болды. Reuters.com хабарлауынша, 7 адам көз жұмған. 

Лаңкестік әрекет ауыл-аймақты дамыту министрлігі маңында болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жанкешті өзін жарып жіберген. Ол министрлік қызметкерлерінің жұмыстан шығатын уақытын әдейі күтіп тұрған деген болжам бар. 

«Лаңкес әдейі біздің министрлікті көздеп келген сияқты, тура қақпаның алдына келіп, жарылыс жасады. Сол уақытта барлық қызметкерлер үйге қайтуға жиналып, сыртқа шыққан болатын»,-дейді министрлік өкілі Фрэйдун Ажанд. 

Ал Саид Ашраф есімді Кабул тұрғыны жараланғандар арасынан ұлын іздеп жүр. 

«Мен мұнда баламды іздеп келдім. Ол осы министрлікте жұмыс істейтін. Ауруханадан да таба алмадым. Уайымнан жаным жай таппай тұр», - дейді шарасыз әке. Әзірге бұл әрекетті ешқандай террорлық ұйым мойнына алған жоқ. Іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: inform.kz

16 шілде 2018, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.