Атырау, 20 сәуір 05:59
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қай жақтың қарбызы? Әрине, Таңдайдікі

2 357 просмотра


Шілдеде Атырауда қарбыздар сатыла бастады. Оларды дүкендерде, шатырларда, тіпті, көліктерде сататын болған. Бір келісі 100-150 теңге тұрады. Халық нитраттар туралы білсе де, сауда қызып тұр. Ресми инстанцияларға келетін болсақ, қазір бұл тауардың сапасын ешкім тексермейді екен.

- Заңнамаға сәйкес, бұл сауда нүктелері шағын эпидемиялық маңызы бар объектілерге жатады. Жеке кәсіпкерлер тауарлардың қауіпсіздігін өздері бақылауға тиіс, - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айбарша МҰРАТОВА.

- Өңірімізде соңғы жылдары нитраттары бар қарбызбен немесе қауынмен улану фактілері тіркелді ме?

- Мұндай фактілер жоқ. Бірақ, ерте піскен қарбыздар мен қауындардың құрамында нитраттар көп болуы мүмкін екенін еске ұстау қажет. Одан улану ас қорыту, жүрек-қан тамырлары жүйесінің, сондай-ақ, орталық нерв жүйесінің бұзылуына әкеледі.

Жергілікті тұрғындар өз жерімізде шыққан қарбыздарды тұтынғанды жөн санайды. Ал саудагерлер де осы жердің өнімі деп растаудан танбайды.

Көппәтерлі үй ауласындағы шатырда өзбекстандық сатушымен қысқаша диалог өрбіді:

- Қай жақтың қарбызы?

- Осы жердің, Таңдайдікі. Кеше ғана әкелді.  

- Таңдай деген қай жер?

- Индер ауданында...

Ал ол Махамбет ауданының ауылы.  

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор 

15 шілде 2018, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.