Атырау, 25 сәуір 12:31
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Бельгия құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

1 531 просмотра


14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған. 

Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты. 82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне. Бельгия құрамасы осы әлем біріншілігінде 16 гол салып, ең көп гол салған команда атанды.

Сондай-ақ осы құрама тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп отыр.  Айта кетейік, ӘЧ-2018 жарысының финалдық кездесуі 15 шілдеде Мәскеудің "Лужники" стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады. Франция мен Хорватия құрамалары кіл мықтыны анықтайтын болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 шілде 2018, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.