Атырау, 20 сәуір 14:22
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Храпуновтардың ісі Алматы сотында қаралады

1 713 просмотра


Храпуновтар Алматыда сот алдында жауап беретін болады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратура қазір Виктор мен Лейла Храпуновалардың мен А.Ильясовтың және 9 тұлғаға қатысты істі сотқа жіберді.

«Храпуновтар мен Ильясовтың Қазақстанда болмауына және олардың прокуратураға келмеуіне байланысты айыптау актісінің көшірмесі олардың қорғаушыларына берілді», - деді қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Биыл 15 және 27 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы айыпталушылардың іс-әрекетіне баға беру үшін келу міндетті екендігін хабарлаған болатын. Алайда олар белгіленген уақытта келмеген.

«Бұл тұлғалар мемлекет мүлкін тонау, алаяқтық, қызметтік лауазымын асыра пайдалану, пара алу, тоналған мүлікті заңдастыру бойынша айыпталған. Мемлекетке 250 млн АҚШ доллары көлемінде шығын келтірілген. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 335-бабы бойынша, Қазақстанда қылмыстық істе сотталушы жоқ болған жағдайда әрі келмегенде, сот процесі сотталушысыз өтеді», - деді баспасөз қызметінен.

Дереккөз: Baq.kz

14 шілде 2018, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.