Атырау, 28 наурыз 23:17
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​"Процесті созып, көбірек ақша алу". Асанов соттасуға ниетті қазақстандықтарға кеңес берді

1 613 просмотра


Жақып Асанов соттасуға ниетті қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жоғарғы сот төрағасы қазақстандықтарға сот істеріне адвокаттарды жалдаған кезде олардың кәсіпқойлығы мен біліктілігіне көбірек назар аударуға шақырды.

"Азаматтарға және бизнес өкілдеріне айтамын. Соттасуға ниетті адамдарға айтатыным. Сіздер заңгерлерді жалдайсыздар. Өкінішке қарай, қазір нашар жұмыс істейтін адвокаттар өте көп. Өз ісін жетік білмегендерінен бе немесе пайдакүнемдіктен бе. Олар сіздің атыңыздар ұзақ-ұзақ өтініштер жазады. Сізді де, сотты да шатастырады. Олардың мақсаты - процесті барынша созу, осылайша көп ақша табу. Оларға сіздікі дұрыс па, бұрыс па, істі сіз жеңесіз бе немесе ұтыласыз ба - маңызды емес. Ең бастыс мұнда процесті созу, сол кезде сіз оларға тағы ақша төлейсіздер. Ондай алаяқтардан абай болыңыздар, алданып қалмаңыздар", - деді Жақып Асанов Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысы барысында. 

Сондай-ақ, Асанов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жоғарғы сотта сот жүйесін модернизациялауға қатысты өзгертулердің талқыланып жатқанын айтып өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 шілде 2018, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.