Атырау, 29 наурыз 06:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жер қойнауын пайдалану комитетінің экс-басшысы сотталды

1 915 просмотра


Астана соты инвестиция және даму министрлігі геология және жер қойнауы комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша жеті жарым жылға соттады деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбеков Базарбай Нұрабаевты пара алды және қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деп айыптаған. Судья сонымен қатар Нұрабаевтың мүлкін тәркілеу және мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыруға үкім кесіп, президенттің атына оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс жасады.

Базарбай Нұрабаев "СК Петролеум" және "Сырдария Қызыл миа" компанияларымен байланысты эпизодта "пара алу" бабы бойынша қылмысы дәлелденбегендіктен ақталған.

Базарбай Нұрабаев 2017 жылдың 6 наурызында "жекеменшік компаниялар өкілдерінен пара алу үстінде" ұсталған. Тергеу долбарынша, Нұрабаев жер қойнауын пайдалану келісімдерін жасасу үшін кәсіпкерлерден пара алу қитұрқылығын ұйымдастырған.

Дереккөз: azattyq.org

12 шілде 2018, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.