Атырау, 16 шілде 11:43
Күндіз ашық+39, кешке +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 343.45  € 399.57  P 5.52

Оқиғалар тізбегі

11 шілде 17:29


3 шілдеде Құлсары-Бейнеу жолында «Лада Ларгус» көлігі аударылып қалды. Оқиға салдарынан жолаушылардың бірі көз жұмды. ҚР ҚК-нің 354-бабының 3-тармағы бойынша («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») қылмыстық іс қозғалды.

*****

3-4 шілдеде Құрманғазы ауданының Азғыр ауылдық округінде 35 га алаң дала өртенді. Өрт өшірілді, зардап шеккендер жоқ. Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметовтің айтуынша, өрт сөндіру кезінде жауған жаңбырдың көп көмегі болған.

*****

Жыл басынан бері Атырау облысында алаяқтықтың 92 жағдайы тіркелді. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, интернет сайттардың сауда алаңдарында алақтық оқиғалары жиілеген: қылмыскерлер тауар ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұрайды, содан кейін «ғайып болады» екен.

*****

Мамандырылған әкімшілік соты үйінде мас болып, жанжал шығарып, гитарамен 16 жастағы қызының басынан ұрған Атырау тұрғынын 7 тәулікке қамауға алды.

 


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

425 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі  512 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  511 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  750 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  1049 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6