Атырау, 28 наурыз 23:03
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 548 просмотра

КАРАТЭ


Одессада годзю-рю каратэ-до бойынша “World Cup Goju-Ryu Karate & Kobudo” (WGKF) ашық Әлем кубогы өтті. Сайыс 4 бағдарлама бойынша өтті: ката, кумите шобу (олимпиадалық нұсқау ережелері бойынша жекпе-жек), кумите ирригуми го (лақтыру техникасы мен ауырсыну әдістері қолданылатын толық контакт) және кобудо (қаруды меңгеру техникасы).

Каратэнің басқа стильдері мен басқа жекпе-жектердің (қоян-қолтық ұрыс, жауынгерлік самбо және киокушинкай карате) өкілдері қатысқан толық контактілі сайыс жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырды

Кубокта өнер көрсеткен атыраулық үш спортшы да жоғары жетістікке қол жеткізді. Вячеслав Хороших пен Жаңбыр Бейбарыс алтын алқа, ал «Қайсар» СК бапкері Болат Ізбасқанов барлық 4 пән бойынша жеңіс тұғырынан көрініп, турнирдің абсолютті чемпионы атанды. Осылайша, олар ортақ іске үлкен үлестерін қосты. Қазақстан құрамасы нәтижесінде командалық есепте 2-орын алды (7 алтын, 2 күміс және 2 алқа алқа).


ҮСТЕЛ ТЕННИСІ


Ақтауда 35 жастан жоғары ардагерлер арасында ел чемпионаты өтті.

Атыраулық қатысушылар екі алқа иеленді. 59-64 жас санатында Ильс Қалмұрзиев күміс жүлдегер атанса, 65-69 жас санатында Сәрсенбай Мұңбаев қола алқа алды.


КҮРЕС

Хорватия астанасы Загребте юниорлар арасында еркін күрестен әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасында атыраулық спортшы Бекзат Жалғасов өнер көрсетті.

65 келіге дейінгі салмақта ол алдымен Македония өкілін, содан кейін Украина өкілін жеңді. Жартылай финалда ресейлік спортшыға есе жіберіп, үшінші орын үшін таласта грузин палуанынан басым түсті. Нәтижесінде - әлем чемпионатының қола алқасын алды.


БОКС


Атырауда бокстан халықаралық турнир өтті. Жерлестеріміз 4 алтын алқа иеленді.

Мерей Құрманғазы (52 келіге дейін), Ержан Ордабаев (60 келіге дейін), Нұртас Әжбенов (64 келіге дейін) және Бекболат Құрамысов (69 келіге дейін) жеңімпаз атанды

Сонымен қатар, Амандық Манашев (75 келіге дейін) күміске ие болса, Абылайхан Жүсіп (56 келіге дейін), Сұңқар Тельманов (81 келіге дейін) пен Айбек Ерметов (+91 келі) қола алды.  


ЗІЛТЕМІР

Қостанайда өткен 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтті.

Атыраудың олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшысы Никита ЕФРЕМОВ күміс жүлдеге ие болды. 56 келі салмақта сынға түскен ауыр атлет жұлқа көтеруден 84 келі, серпе көтеруден 101 келіні бағындырды.

ДайындағанДАР Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ, Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 шілде 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.