Атырау, 18 шілде 10:00
Күндіз ашық+34, кешке +29
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 343.06  € 402.38  P 5.49

Мәскеу Сирияда Ресей әскерилері "қаза тапқанын" терістеді

11 шілде 14:23


"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы 9 шілдеде өз мүшесі - жанкешті Сирияның Дераа провинциясында 35 ресейлік және сириялық әскери қызметкерді өлтіргенін мәлімдеді. 

ИМ мәлімдеуінше, жанкешті бомба қойылған көлігімен одақтастар әскері шоғырланған жерге басып кіріп, өзін жарып жіберген. Оқиға "Сирия ерікті армиясының" жасақтары бірер күн бұрын президен Башар Асад күштеріне өткізген Зайзун қаласында болған. Қаланы қабылдап алуға соғысушы тараптарды бітімге келтіру орталығындағы ресейлік әскерилер қатысқан.

Ресей Қорғаныс министрлігі исламшыл содырлардың мәлімдемесін "кезекті фейк" деп атап, ресейлік сарбаздардың қазасын жоққа шығарды.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, қорғаныс министрлігі Сириядағы "Ресейдің барлық әскери қызметкері аман-сау, міндетін атқарып жүргенін" мәлімдеген.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Сириядағы соғыста осы кезге дейін жалпы саны 50-ден астам Ресей сарбазы қаза тапқан. Олардың сегізі биыл мамырда оққа ұшқан. Бейресми деректер бойынша, Сирияда қаза болғандар ресейлік әскерилер саны бұдан бірнеше есе көп.

Дереккөз: azattyq.org

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

130 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Сирияда тағы бір ресейлік әскери кеңесші оққа ұшты  651 рет қаралды

Сирияда «Вагнер» компаниясының 50 сарбазы оққа ұшқан  451 рет қаралды

БАҚ: Сирияда Ресей базасы атқыланып, әскери ұшақтар қирады  534 рет қаралды

​Сирияда шабуылдан ресейлік жауынгерлер қаза тапты  285 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6