Атырау, 16 шілде 11:53
Күндіз ашық+39, кешке +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 343.45  € 399.57  P 5.52

​АҚШ: Иран өзінің елшіліктері арқылы лаңкестік шабуыл жасамақ

11 шілде 10:58


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Иран өзінің дипломатиялық елшіліктері арқылы лаңкестік шабуыл жасамақ» – деп мәлімдеді.   

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео Иран мәселесіне қатысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде:

«Иран Ислам Республикасы өзінің дипломатиялық елшіліктері арқылы Еуропа елдерінде теракт жасамақ. Өткен аптада ғана Парижде лаңкестік шабуыл жасамақ болған Иран азаматтары ұсталды. Біз қазірдің өзінде Иранның Еуропаға деген өшпенділігін көріп отырмыз» - деп мәлімдеген. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Германия аумағында Франция астанасында теракт жасамақ болды деген күдікпен Иран дипломаты ұсталған. Бірақ ресми Теһран Германия арнайы қызметінің бұл әрекетін арандату деп бағалап, қарсылық нотасын жіберген. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

112 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы АҚШ әскери базасына шабуыл жасады   623 рет қаралды

Ресей АҚШ-тың сыртқы саясатына кедергі жасап отыр   702 рет қаралды

Иран министрі Сауд Арабиясының лаңкестік шабуыл ұйымдастырғанын дәлелдеді   962 рет қаралды

Прагада ұсталған "ресейлік хакердің" аты-жөні анықталды  629 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6