Атырау, 20 сәуір 12:59
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Ирландияда оқып жатқан оқушы бала Қазақстандағы әкесінен алимент өндіріп алды

1 367 просмотра


Солтүстік Ирландиядағы орта мектептердің бірінде оқып жүрген оқушы бала Өскеменде тұрып жатқан әкесін алимент өндіріп алды, - деп хабарлайды Semeyainasy

Басылымның мәліметінше, оқушы бала мектептегі қажеттіліктері үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша талап еткен. 

"Арыз беруші Ұлыбритания Корольдігі Солтүстік Ирландиядағы орта мектепте оқып жатқанына байланысты алимент өндіріп алмақшы болды. Ол оқуын 2018 жылдың 30 маусымына дейін аяқтады жоспарлаған. Сондықтан оқу аяқталғанша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша талап еткен", - деп хабарлады Өскемен қалалық сотындағылар. 

Алайда баланың әкесі оның талабына келіспейтінін айтқан. Айтуынша, баласына Қазақстанда-ақ оқуға болар еді. Сондықтан ол алимент төлеуден бас тартқан. 

Алайда сот оның жауабы негізсіз деген қорытындыға келіп, кәмелетке толмаған балаға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша өндіру туралы шешім шығарады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

11 шілде 2018, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.