Атырау, 20 сәуір 06:15
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ерекше қойылым

Сурет Бейнежазба
3 471 просмотра


4 шілдеде Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Қанағат» триосы өздерінің 5 жылдықтарына орай шығармашылық кеш өткізді. Бұл концерттің бір ерекшелігі, әншілердің екеуінің көзі мүлдем көрмесе, біреуі әлсіз көреді.

Атырау облысы Махамбет ауданының тумалары Арман ДҮЙСЕНҚҰЛОВ пен Асылбек ҚУАНЫШҚАЛИЕВ және маңғыстаулық Шапағат СӘКЕНҰЛЫ Орал қаласындағы соқыр және көздері әлсіз көретін балаларға арналған арнайы интернатта бірге оқиды. Талантты балалар2013 жылы осы»Қанағат» тобын құрып, содан бері бірге өнер көрсетіп келеді.

- Біздің репертуарымызда халық әндері де, эстрадалық әндер де бар, өзіміз де ән шығарамыз,- дейді Арман. – Келесі жылы мектепті аяқтаған соң, жоғары музыкалық оқу орындарына түсеміз деген жоспарларымыз бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен видеоны түсірген автор

7 шілде 2018, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.