Атырау, 16 сәуір 11:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Бүгін қазақстандықтар Астана күнін атап өтіп жатыр

2 846 просмотра


Елордаға биыл 20 жыл толып отыр. 6 шілде күні жыл сайын қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді. Биыл Астананың Қазақстанның бас қаласы болғанына 20 жыл толып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл мереке бұрын Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда аталып өтетін. Ал 2008 жылдан бері мереке 6 шілдеге ауыстырылып, мемлекеттік мереке болып жарияланды. 

Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойына Қазақстан ерекше дайындалды. Республиканың барлық өңірі елордаға сый жасады. Олардың арасында веложол, Есіл өзені арқылы өтетін көпір, саябақ және тағы басқасы бар.

"Қалаға бірдеңе сыйлағысы келеді: біреулері гүл бағын, енді бірі жаңа көше, біреуі мектеп, балабақша. Оларға үлкен рақметімді айтамын, өйткені бұл біздің Отанымыздың астанасы, барша қазақстандықтың елордасы. Сондықтан елордада әр өңірді еске салатын орындардың болғаны дұрыс. Оның үстіне, бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар жиналған", — деген еді Елбасы. 

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін қала алаңдарында, Есіл жағалауында түрлі мерекелік концерттер өтеді. Биыл қазақстандықтар Астана күніне орай үш күн демалады. 

Сонымен қатар, 6 шілде күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та туған күнін атап өтіп жатыр. Бүгін Елбасы 78 жасқа толды.

Дереккөз: sputniknews.kz

6 шілде 2018, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.