Атырау, 18 шілде 09:55
Күндіз ашық+34, кешке +29
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 343.06  € 402.38  P 5.49

Оқиғалар тізбегі

5 шілде 00:00


25 маусымда Атырауда жағажайдан тыс жерде шомылып жүрген 23 жастағы жігіт Жайыққа батып кетті. Денесі бір сағаттан кейін судан шығарылды. Ал 1 шілдеде жағажайдан тыс жерде шомылып жүріп 42 жастағы қала тұрғыны өзенге батып кетті. Денесі 3 шілдеде табылып, судан шығарылды.

***

29 маусымда кешкісін Мақат ауданында Атырау-Досор жолында MitsubishiRosa маркасындағы көлік өртеніп кетті. Келесі күні Индер-Атырау жолында NissanTerrano өртеніп кетті, ал 1 шілдеде Атырауда «Тамаша» сауда-ойын сауық орталығының жанында «Лада Калина» лаулап жана бастады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

***

«Допинг» шарасы барысында атыраулық полицейлер 4 емдеу мекемесі мен 13 дәріхананы тексерді. Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева хабарлағандай, 6 дәріханада құрамында есірткілік заты бар препараттар рецептсіз сатылған. Бұдан басқа, №1 емханада ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 464-бабына («Лицензиялау нормаларын бұзу») сай келетін заң бұзушылықтар анықталды. Барлық осы фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

528 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі  758 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  1215 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  520 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  1059 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6