Атырау, 19 сәуір 05:23
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​АҚШ-тың бастауыш мектебінде атыс болып, екі адам жарақаттанды

1 620 просмотра


АҚШ-тың Канзас штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, салдарынан екі адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.   

Оқиға 3 шілде күні Канзас-Сити қаласының маңында орналасқан Оверленд-Парк қаласындағы «Санрайз» бастауыш мектебінде болған. 

Зардап шеккендердің екеуі де мектеп маңындағы балалар алаңында жұмыс істеп жатқан жалдамалы жұмысшылар. Оверленд-Парк қаласының полициясы олар ауыр халде жатқандығын растады. 

Күдікті де жалдамалы жұмысшы екені айтылуда. Ол зардап шегушілермен арада болған даудан кейін атыс ұйымдастырған. Оқиғадан балалар зардап шеккен жоқ. Күдікті атыстан кейін спорттық-утилитарлық автомобильді айдап кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Полиция күдіктіні іздеп жатыр.  

Дереккөз: inform.kz

4 шілде 2018, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.