Атырау, 28 наурыз 13:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Назар аударыңыз! Атырау облысында биыл 13 адам суға кетті, оның 9-ы - балалар

2 538 просмотра


3 шілдеде Индер ауданында 1978 жылғы ер адамның жарақталмаған жерде шомылып жүріп, Жайыққа батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оның денесін судан шығарып алып, оқиғаны тергеп жатқан полиция қызметкерлеріне табыс етті. Сол күні Махамбет ауданында 2006 және 2010 жылғы екі бала белгісіз жағдайда суға кетті. Құтқарушылар кешкі сағат 23:40-та кішкентай баланың денесін тапты, ал үлкен баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті облыстың су қоймаларында алдын алу шараларын белсенді түрде жүргізіп отырады. Бірақ, өкінішке орай, 2018 жылдың 4 шілдесіндегі ахуал бойынша 13 адам суға кетті, олардың 9-ы балалар.

Бұл деректер адамдардың көбінесе шомылуға рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жерлерде демалып, суда шомылатынын көрсетіп отыр. Жазғы маусым басталғанда демалыс орындарында адамдар өз қауіпсіздігі үшін өздері жауапты болады. Өкінішке орай, көп жағдайда ересектердің аңғырттығынан балалар қаза болуда.

Судағы қайғылы оқиғаларға жол бермеу және алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері тұрғындар мен қонақтарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

- ең басты ереже – балаларды ата-анасының және басқа ересектердің қарауынсыз қалдырмау;

- мас күйде шомылмау;

- жабдықталмаған жерлерде шомылмау;

- арналмаған заттармен жүзбеу;

- бөгеттерден, кемежайлардан, катерлерден, қайықтардан, салдардан суға секірмеу;

- сүңгуге және шомылушыны қармауға байланысты тентектіктерге жол бермеу, буйларға және басқа да техникалық құрылғыларға өрмелеп шықпау;

- жалған апат сигналдарын бермеу керек.

Мұқият әрі сақ болыңыз. Есіңізде болсын: адам өмірінен артық ештеңе жоқ! 

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

4 шілде 2018, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.