Атырау, 25 сәуір 22:21
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Барлығы ЖЭО-ға кетті

2 179 просмотра


Атырауда шілденің алғашқы күндерінде электр қуатының іркілістері жиі орын алып тұр. Осыған қатысты «АЖ» редакциясына көптеген қоңыраулар келіп түсті. Жарық қаланың әр бөлігінде, мәселен, Авангард тұрғын үйлер массивінде мезгіл-мезгіл өшіп қалады.

Банктерде, емханаларда адамдарға компьютерлік бағдарламалардың «қатып қалуына» байланысты кезектерін сағаттап күтуге тура келеді. Қала тұрғындары тұрмыстық аспаптар істен шығуы мүмкін деп қауіптенеді.

Қалалық электр торабы кәсіпорны бізді «Атырау Жарық» АҚ-на сілтеді. Бірақ ол жерде басшылықтан ешкім орнында болмады - телефон арқылы бізге олардың барлығы шіліңгір ыстыққа байланысты мемлекеттік энергетикалық қадағалау мекемесімен бірге АЖЭО-да екенін хабарлады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 шілде 2018, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.