Атырау, 20 сәуір 13:16
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарызын өтеді

2 089 просмотра


Қазақстан Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдарынан тартқан сыртқы қарыздарын жапты. 2018 жылғы бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 0,8 миллиард АҚШ долларына қысқарып, 166,6 миллиард АҚШ долларын құрады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

 "Қарыздың азаюына Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдарынан тартылған сыртқы қарыздардың өтелуі, сондай-ақ қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі және соның салдарынан оларға сұраныстың құлдырауы себеп болды", — деп жазылған хабарламада.  

Бейрезиденттердің қолдарындағы Ұлттық банктің 1,4 миллард АҚШ долларына тең қысқа мерзімді ноттары осы кезең ішінде 3 еседен астам ұлғайды.  

2018 жылдың 1 сәуірінде 27,1 миллиард АҚШ долларын құраған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (банктер мен мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын ұйымдар) жеке қарастырылады. 2018 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік еншілес ұйымдардан алынатын сыртқы қарыздарды игеруді жалғастыру есебінен Қытай банктері алдындағы кредиттер мерзімінен бұрын өтелді, сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттер еурооблигацияларының нарықтық құны төмендеді, соның арқасында қарыз 0,3 миллиард долларға азайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 шілде 2018, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.