Атырау, 29 наурыз 17:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау» ФК: өздері кетті ме, әлде масқара етіп қуып жіберді ме?

2 872 просмотра


Өткен жексенбіде «Атырау» футбол командасы петропавлдық «Қызылжармен» ойнап, енжар ойын 0:0 есебімен аяқталды. Осыдан кейін клуб басшылығы мен бапкерлер штабы  өздерінің лауазымдарынан кететіндігін хабарлады. Олардың арасында директор Тимур НИҒЫМОВ, қаржы директоры Бағдат АҒНИЯЗОВ, спорт директоры Драган ДЖУРДЖЕВИЧ және бас бапкер Андриан СОСНОВСКИЙ бар.

«“Атырау” - “Қызылжар” матчынан кейін клуб басшылығы мен бапкерлер штабы өз еріктерімен лауазымдарынан кетті. Клуб басшылығы жанкүйерлерге сенім білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ, клуб ұжымына бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, табыс тілейді», - деп хабарлады «Атырау» ФК баспасөз қызметі.

«AЖ» тілшісі комментарий алу үшін дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Азамат БЕКЕТКЕ хабарласты, ол телефон арқылы былай деп қысқаша түсіндірді:

- Футбол клубы кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға берілген. Біз тек ақша бөлеміз, ал кадрлар саясатын клубтың өзі жүргізеді. Директорлар мен бапкерлер өздері кетуге шешім қабылдады, қазіргі жағдайда бұл дұрыс деп ойлаймын.

Белсенді жанкүйерлердің бірі Асхат Б. ахуалға өзінің эмоциялы пікірін білдірді:

- Бұл матчтың келісіммен өткені анық. Әр нәрсені өз атымен айтар болсақ, олар кеткен жоқ, біз оларды қуып жібердік. Олар масқара болып кетті. Олардың орнына Оралдың адамдары келеді деседі. Қалай болғанда да, жаңа басшылық осы кір-ластың бәрін тазартуы тиіс.

Интернетте таралған бейресми ақпаратқа сәйкес, оралдық «Ақжайық» командасының бұрынғы директоры Азат ҚАЗИХАНОВ «Атырау» басшысының бос лауазымына бас үміткерлердің бірі екен.

16-шы турдан кейін мұнай астанасының командасы ел чемпионатының турнирлік кестесінде 12 ұпаймен соңғы орынды иеленген. Ал петропавлдықтар бір саты жоғары орынға ие. 

Фархат ӘБІЛОВ

2 шілде 2018, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.