Атырау, 25 сәуір 17:00
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мигранттар дағдарысы: Еуроодақ мигранттар орталығын жабуды жоспарлап отыр

1 392 просмотра


Брюссельде Еуроодаққа мүше мемлекеттер басшылары кездесіп, мигранттар орталықтарын жабу туралы ортақ келісімге келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС News басылымына сілтеме жасап.

Ерікті негізде ашылған орталықтар заңсыз келген мигранттарды анықтап, оларды еліне қайтаратын болады. Қазіргі босқындардың орнын ауыстыру да ерікті түрде жүргізілмек.

Көптеген мигранттар, әсіресе, Африкадан келген босқындар Еуроодақ елдеріне Италия арқылы кіріп жүр. Өз кезегінде бұл мемлекет көмек алмайтын болса, өтіп жатқан саммит қарастырып жатқан мәселеге вето жариялайтынын мәлімдеді.

Әзірге қай мемлекеттердің орталықтар ашып, босқындарды қабылдайтыны туралы ақпарат жоқ.

Еуропалық Кеңестің айтуынша, Еуроодаққа заңсыз келетін босқындар саны 2015 жылмен салыстырғанда 96 пайызға кеміген. Енді Еуроодақ елдері басшылары жасаған келісім де босқындарды орналастыруды шектеп отырмақ.

«Бұл еуропалық саммиттен кейін Еуропа ынтымақтастықты сақтап қалатын болады. Италия енді жалғыз емес», деді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте. Бірақ, Германия канцлері Ангела Меркель бұл келіспеушіліктерді шешу үшін бұдан да көп жұмыс істеу керектігін мәлімдеді.

Еуроодақта мигранттар түрмесі пайда бола ма?

Италияның жаң премьер-министрі үшін қуанышты бірнеше жағдай бар. Соның бірі – халықаралық құқықты сақтау мақсатында Жерорта теңізінде мигранттарды алып кететін қайықтардың қажеттілігі туралы мәселе. Бірақ бұдан да маңыздысы – Еуроодаққа келетін мигранттардың күшін пайдалануға мүмкіндік беретін қауіпсіз, жабық концепцияның бекітілуі. Кейбірі бұл адамдарды жіберуді жеңілдетеді десе, екінші тарап мұндай орталықтарды түрмеге теңеп жатыр.

Талқыланған мәселелердің ішінде ең өршілі – Африкамен серіктестік орнату. Еуроодақ Солтүстік Африка елдерінде мигранттардың Еуропаға жер аударуына болатын-болмайтынын анықтауға мүмкіндік беретін орталықтар ашуды жоспарлап отыр.

Тағы қандай келісім жасалды?

Еуроодақтың 28 көшбасшысы басқа да бірнеше мәселе бойынша келісім жасады. Оның ішінде Түркия және Солтүстік Африкамен арадағы шекаралық бақылауды қаржыландыруды арттыру және күшейту мәселесі де бар.

Сондай-ақ, саммитте еуроодаққа мүше мемлекеттер еш кедергісіз Шенген визасы жүретін аймаққа келетін заңсыз толқынды азайту үшін бірігіп күш жұмсау керектігін, «әлеуметтік және экономикалық өзгерістер» арқылы адамдардың жақсы өмірге қарай өз елін тастап қашуына жол бермеуге болатынын айтты. Сондай-ақ мигранттардың өздері келген бірінші елден қауіпсіз орын табуын қарастыратын дублиндік реттеу шаралары да сөз болды.

Еуроодақта мигранттар дағдарысы бар ма?

Еуроодаққа келген мигранттардың көбі - Сирия соғысы мен басқа да шиеленістерден қашқан адамдар. Бұл 2015 жылдың деңгейіндегі дағдарыс емес. Ол кезде грек аралдары арқылы Еуропаға күн сайын мыңдаған босқын келетін еді.

Дегенмен, осы айда мигранттар кемесіне Италияға кіруге тыйым салынуы мен немістердің қайырымдылық кемесі Еуроодақтың бұл жағдайға деген назарын қайта аударды.

Дереккөз: Baq.kz

29 маусым 2018, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.