Атырау, 18 сәуір 07:51
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Мәжіліс шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғайтын құжатты мақұлдады

1 820 просмотра


Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім қызметтік іссапар кезеңінде еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтармен ғана емес, өз бетінше жұмысқа орналасқан азаматтармен, сондай-ақ мекемелер жұмысқа қабылдап алған жұмыскерлермен де болған жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібін бекітуге арналған. Жалпы алғанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтарымен екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асырғанда ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова. 

Бұл ретте, Келісімде қатысушы елдер үшін өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің бірыңғай формасы бекітіледі (№ Н-1Е). Тексеру аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерге жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті.  

Ал актінің бір данасы жұмысқа орналастырушы мемлекеттің еңбек инспекциясына жолданады.

«Топтық, ауыр немесе адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларды тексеру аяқталғаннан кейін, актіні тексеру материалдарымен бірге зардап шегуші азаматтың тұратын мемлекетінің уәкілетті органына жолданады. Қатысушы мемлекеттің аумағындағы болған жазатайым оқиғаны тексеруге байланысты берілген құжаттар немесе екінші қатысушы елдің біреуінің аумағында жасалған құжаттардың көшірмелері Қоғамдастықтың басқа елдерімен легализациялаусыз қабылданады», - деп нақтылады министр. 

Сонымен қатар, жұмысшының денсаулығына өндірістегі жазатайым оқиғадан келген зиянды өтеу жұмысқа орналастырған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Дереккөз: inform.kz

27 маусым 2018, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.