Атырау, 29 наурыз 00:36
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қағазсыз несие берілмейді

1 844 просмотра


Өткен жылы Индер ауданында «Бастау-бизнес» жобасымен 178 адам кәсіпкерлік бағытта оқу оқыса, оның 20 пайыздан астамы кәсіп ашқан. Ал биыл 175 адамды оқыту көзделген.

- Осы курстан өтті деген сертификатқа ие болмай, мемлекеттен төмендетілген пайыздық несие ала алмайды. Биыл бірнеше адам жобаларын қорғап, кепілдіктерін қойып, пайыздық жеңілдігі бар несиеге ие болуда,-дейді бизнес-тренер Бағлан ҚАЛДАРБЕКОВ.

Дегенмен, көптеген курс түлектері үшін бірден кәсіп ашу оңай емес екен.

Жанна ХАЛЕЛОВА, Индербор кентінің тұрғыны:

- Жатақхананың бір бөлмесінде отбасыммен тұрып жатырмын. Қосымша қаржы болуы үшін үйден тәттілерді сұранысқа орай пісіремін. Жеңілдікпен несие алып, арнайы орынжай жалдағым келеді, алайда банктер жатақхананың бір бөлмесін кепілдікке алмайды. Осы себептен көп келіншек шағын кәсібін аша алмай отыр. Сондықтан кепілсіз аздаған несие берсе  деп дейміз.

Қайрат ОЖЫҚОВ, Индер ауданы тұрғыны:

- Ауыл шараушылығы қолдау қорынан несие алып, мал алып, бордақылау цехын ашқым келеді. Алайда несиелеу талабына сәйкес, бизнесімді ашқаннан екі жылдан кейін екі жергілікті тұрғынды жұмысқа алуым керек. Оған жалақы төлеу жаңа кәсібін ашқан кәсіпкерге оңай емес.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 маусым 2018, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.