Атырау, 19 сәуір 12:27
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Су тарифі көтерілді

2 310 просмотра


ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облыстық департаменті бірнеше монополистің таратушы желілер арқылы су жеткізу тарифтерін көтеру туралы бұйрық шығарды.

Олардың ішінде «Тұрмыстық қызмет» МКК бар. 1 тамыздан бастап Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылының тұтынушыларына тариф бір текше метр үшін 79,8-ден 113,45 теңгеге дейін, ал Құрманғазы аудан орталығы үшін - 110 теңгеден 116,29 теңгеге дейін көтеріледі.

Табиғи монополиялардың жергілікті тізіліміне алғаш рет Құрманғазы ауданының Каспий және Алтыншы ауылдарының тұтынушыларына қызмет көрсететін «Шакупов» ЖК енгізілген. Оған 1 маусымнан бастап бір текше метрге 227,2 теңге мөлшерінде тариф бекітілді. Су қымбат, өйткені осы екі ауылда тұрғындар аз.

Сонымен қатар, 1 маусым айынан бастап Исатай ауданының Исатай ауылының тұрғындары үшін тариф көтерілді. Су «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырынан алынады және «Бекасыл» ЖК сүзу станциясына беріледі. Ауданда осы ЖК көп уақыттан бері жұмыс істеп келеді, бірақ осы ауылға алғаш рет қызмет көрсетуде. Бекітілген тариф: тұрғындар үшін текше метріне - 205 теңге, басқа тұтынушылар үшін - 250, мұнай-газ компаниялары үшін - 712,55 теңге.

1 сәуірден бастап «Испусинов» ЖК қызмет көрсететін Индер ауданының Есбол ауылында да су қымбаттады: бір текше метрі тұрғындар үшін 93,8-ден 200 теңгеге дейін, бюджеттік мекемелер  үшін - 200,1-ден 225,1-ке дейін.

Атырау қаласында сумен жабдықтау және басқа коммуналдық қызметтер тарифтері әзірге бұрынғыша қалып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 маусым 2018, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.