Атырау, 28 наурыз 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Түркияға бағыт алған ұшақ Атырауға қонды

Толықтырылды
2 162 просмотра


Бүгін, 24 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 9.20-да Новосибирскден Антальяға бағыт алған Pegasus түрік әуе компаниясының «Боинг-737» ұшағы Атырау әуежайына апатты түрде қонды.  Жолаушылар ұшағының екі қозғалтқышының бірі істен шыққан.

- Экипаж Атырау халықаралық әуежайына апатты түрде қонуға шешім қабылдады. Бортта 190 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитетінен.

Қазіргі уақытта Түркияға демалуға бара жатқан РФ азаматтары Атырау әуежайында. Олардың рейсті қашан жалғастыратыны әзірге белгісіз.

Сағат 13.25-тегі ақпарат бойынша сібірліктер қонақ үйге орналастырылып, оларға тамақ берілген. Денсаулықтарына шағымданған ешкім жоқ.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, жолаушылармен облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ кездесті. Ол әңгіме барысында қосалқы ұшақтың ұшуын Атырауда күту кезінде барлық жағдайлары жасалатынын атап өтті. Барлық 190 туристке психологиялық және медициналық көмек көрсетілді. Түскі астан кейін қонақтарға Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейін көру ұсынылып, өңір тарихы мен мәдениетімен таныстырылды.

Кешке жолаушыларды алып кетуге Амстердамнан ұшақ келді, оларды әуежайдан облыс әкімі орынбасарлары Сағындық ЛҰҚПАНОВ пен Нұрсәуле САЙЛАУОВА шығарып салды. Сібірліктер қазақстандықтарға қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді.

Көп ұзамай Атырауда қалған экипаж мүшелері үшін тағы бір әуе көлігі келді. 

Фархат ӘБІЛОВ

24 маусым 2018, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.