Атырау, 25 сәуір 14:21
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Сирияда жарылыстардан 10 адам көз жұмды

1 883 просмотра


Сирияның Идлиб қаласында бірнеше жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 35 тұрғын жараланған.

Жапа шеккендердің арасында бейбіт тұрғын көп.Себебі теракт құтқару жұмыстары жүріп жатқан кезде болған. Ал соңғы күндері Сирия үкіметі әскері елдің оңтүстік-батысындағы оппозициялық күштердің бекіністеріне шабуылды күшейтті.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, әскерилер ауыр зеңбіректер және ұшақтармен соққы беруде. Салдарынан Дераа мен Бусра әл-Харири қаласынан 12 жарым мыңнан астам тұрғын бас сауғалап көшкен. 

Осыған байланысты Вашингтон Дамасктен бұл бағытта шабуылды тоқтатуға шақырып, Ресейден Башар билігіне ықпал етуді сұраған. Себебі әскери қимылдар келісімге сәйкес деэскалация аймағы деп жарияланған аудандарда жүзеге асып жатыр. 

Еске сала кетейік, Идлиб аймағы – оппозициялық күштердің көп шоғырланған өңірі.

Дереккөз: 24.kz

23 маусым 2018, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.