Атырау, 19 сәуір 23:07
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Құлсарыда жедел басқару орталығы ашылды

Сурет
7 006 просмотра



Полиция күні қарсаңында (23 маусымда атап өтілетін) Атырау облысы Жылыой ауданының әкімшілік орталығы - Құлсары қаласында Жедел басқару орталығының жаңа ғимараты ашылды. Болашақта осы жерден жол қозғалысын бір уақытта 500 камерадан бақылауға болады.

Өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ жедел басқару орталығының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті. Алдымен көшелерде ауа райын талғамайтын 250 басқару камералары орнатылады. Шараға шақырылған ішкі істер органдарының ардагерлері тирмен, «102» пульті операторларының жұмыс орындарымен, қару-жарақ сақтау қоймасымен, (соңғы технологиялармен жабдықталған) мұрағат бөлмесімен, бейнебайланыс мүмкіндігі бар мәжіліс залымен танысып шықты.

Облыстық ІІД бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ өңірде баламасы жоқ лазерлі-мультимедиялық жылжымалы нысандары бар ату тирінің мүмкіндіктеріне тоқталып өтті. Полиция қызметкерлері тирде қырағылық пен мергендік танытты, алайда олардың басшылары бірінші болып нысанаға дөп тигізді. Оның айтуынша, мұндай тирлер республиканың көп жерлерінде жоқ екен.

Анықтама үшін: Биыл Жылыой ауданындағы қылмыс саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 28,5 % төмендеген. Барлығы 218 қылмыс тіркелген, олардың арасында аса ауыр қылмыстар жоқ. Ауданда 81170 тұрғын бар, соның ішінде шамамен 59000 адам Құлсары қаласында тұрады. 

«АЖ» жеке ақпараты (ІІД баспасөз хабарламасының негізінде)

22 маусым 2018, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.