Атырау, 29 наурыз 09:37
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Грузияда уақытша үкімет жасақталды

1 971 просмотра


Грузия парламенті кезектен тыс отырысында Мамук Бахтадзе мен оның үкіметіне сенім білдірді. Нақтырақ айтқанда, 99 депутат дауыс берсе, 6 адам қарсы болған. Алайда министрлер кабинетінің бұл құрамы уақытша жұмыс істейді.

Үш аптадан кейін «шағын үкімет» тұжырымдамасы күшіне енеді. Осы аралықта үкіметтің құрылымы мен тәртібі туралы заңға түзетулер дайындалып, оның негізінде министрлер кабинеті қайта құрылады. Нәтижесінде 14 министрліктің тек 11-і қалады. Бахтадзенің 50 тармақтан тұратын үкіметтік бағдарламасы түрлі салада түбегейлі өзгеріс енгізуге бағытталған. Оның басым бағыты  еуроинтеграция, экономика мен білім саласының дамуы болып отыр. 

Мамука Бахтадзе, Грузия премьер-министрі: 

- Маған сенімін білдірген Грузия парламентіне алғысымды айтамын. Елімізде қарқынды реформалар жүргізуге бағытталған бағдарламаны ұсындық. Осы бағдарламаның ажырамас бір бөлігі – «шағын үкімет» концепциясы. Оған сәйкес министрліктер санын 11-ге дейін қысқарту қарастырылып отыр. Экономикамызға одан артық министрлік қажет емес деп санаймын. Ал нақты кім басқаратынына келсек, қазір олардың есімдерін жариялау дұрыс болмас, кәсіби ортадан шыққан жаңа тұлғалар болады. Қазір бұл жөнінде кеңесулер жүргізіп отырмыз. 

Николоз Гагуя, Грузия қаржы министрі: 

- Мені қаржы министрі лауазымына үміткер ретінде ұсынып отыр. Бұл мен үшін үлкен абырой. Біз ұсынған бағдарламаның негізі – «шағын үкімет» концепциясы, онда нақты қадамдар қарастырылған. Үкіметтік саладағы жалақылардың жалпы сомасы елдің ішкі өнімінің 3,9 пайызынан аспауы тиіс. Бұл – келесі жыл бюджетінің жоспары. Үкіметіміз шағын болғанымен, жедел қимылдап, тиімді әрі икемді болуы керек.

Дереккөз: 24.kz

22 маусым 2018, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.