Атырау, 28 наурыз 21:13
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 339 просмотра


Теміртауда жүзуден республикалық «Көңілді дельфин» турнирінің екінші кезеңі аяқталды.

Бұл жерде  атыраулық спортшы Дамир Алтайұлы тамаша өнер көрсетті. Ол еркін стильде 50 метрлік және 100 метрлік қашықтықта алтын алқа, 1000 метрге кешенді жүзуден күміс алқа, 50 метрлік брасс және 50 метрлік қашықтықтағы баттерфляйдан қола алқа иеленді.  Облыстың аға жаттықтырушысы Иван Галкин басқа да атыраулық жүзгіштерден де үлкен ұмтылыстар байқалатынын атап өтті.

***

ДОЙБЫ

Таразда 100 шаршылық дойбы бойынша ҚР жасөспірімдер чемпионаты өтті. Атырау командасы 6 алқа жеңіп алды.

Қатарынан классика мен рапид номинациялары бойынша 10 жасар Жібек Әдиет еліміздің чемпионы атанды. Бекарыс Жұмалиев күміс, Жанел Әдиет, Алмай Нұрдәулет және Әбубәкір Қанат қола алқаға қол жеткізді. Спортшыларды Еркін Үсенов жаттықтырады.

***

ТУРНИРЛЕР

Қостанайда «Спешл Олимпик» Ойындарының 50 жылдығына арналған жазғы арнайы олимпиада өтті.

Атыраулық спортшы Әлия Мардашева боулингтен алтын алқа алды. Сайыстың бұл түрінен Асылжан Өскенбаева мен Андрей Абносов күміс жүлдегер атанды. Нұрболат Әбуов пен Тілекші Сағындықова қола алқа иеленді. Жүзуде Светлана Варушкинаға қола алқа бұйырды. Бадминтоннан Аслан Бердіғалиев пен Нұрлан Шамашев топ жарды. Команданы  Ильфат Гатиятуллин, Жеміс Раушанова және Ерсұлтан Мендіғалиев дайындады.

***

ДЗЮДО


Павлодарда 2003-04 жж. жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты өтті. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде атыраулық спортшы Құмар Олжас күміс алқа жеңіп алды.

Құмарды Б.Жұмабаев пен Қ.Тайжанова дайындады. Қараша айында ол Словенияда өтетін Еуропа Кубогында Қазақстанның намысын қорғайды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 маусым 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.