Атырау, 16 сәуір 22:11
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Аялдамадағы апат

Сурет Бейнежазба
3 007 просмотра

19 маусым күні кешкі сағат тоғызға жақын Атырауда «Тойота» көлігі қатты жылдамдықпен Азаттық даңғылы бойындағы «Шипажай» автобус аялдамасына соғылды. Нәтижесінде 6 адам түрлі жарақат алды.

- «Жедел жәрдемге» сағат 20.26-да қоңырау түсті. Бас сүйек-ми жарақаты, жамбастың ашық сынық жарақаты және іш қуысының жабық жарақатымен екі зардап шегуші облыстық ауруханаға жатқызылды, әртүрлі дене жарақаттарымен төрт адам травмпунктке жеткізілді, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

- Оқиға орнында бір зардап шегуші қаза болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. 20 маусымдағы ақпарат бойынша, ауруханада екі адам қалды, қалғандары медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«АЖ» бейресми ақпараты бойынша, «Тойота» жүргізушісі 19 жаста.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны куәгерлер жолдады

20 маусым 2018, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.