Атырау, 24 сәуір 12:56
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​ҰБТ-2018: Аудиторияларға ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын жаңа қондырғылар орнатылды

1 909 просмотра


Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін аудиториялардың техникалық жабдықтары жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Сәйкесінше, барлық аудиторияда 4G ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын жаңа қондырғылар жұмыс істейді. 

"Тағы да еске саламыз, ҰБТ-ның дұрыс жауаптар коды мемлекеттік құпия болып саналады және оны таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты, барлық түлектерден бекітілген ережелерден аттамауын сұраймыз", - деді   Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен бірге, орталық басшысы тестілеуге тыйым салынған заттармен, әсіресе ұялы телефонмен кіретін түлектердің бар екенін де жасырмады.

"Иә, ондай жағдайлардың бар екенін жасырмаймыз. Бірақ, биыл ҰБТ өтетін аудиториялардың техникалық жабдықтары 100% жаңартылды. Сәйкесінше, барлық аудиторияда 4G ұялы байланыс сигналын үзетін жаңа қондырғылар жұмыс істейді. Сондықтан, мектеп түлектері ҰБТ-да түрлі қитұрқы әрекетке уақыт жоғалтқанша, өз біліміне ғана сенгені жөн. Берілетін 3 сағат 50 минутты тиімді пайдаланып, мемлекеттік грантқа жететін балды өздері жинағаны абзал", - деді Р. Әлімқұлов. 

Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 15-ші рет ұйымдастырылады. Ертең оқушылардың алғашқы легі сынақтан өтеді және соңғы лек тестілеуді 1 шілдеде аяқтайды.  

Биыл ҰБТ-ға республика бойынша 102 мыңы қатысады. Оның 75,4% немесе 77 243 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 25 178 түлек (24,6%) - орыс тілінде және 46 түлек - ағылшын тілінде тапсырады.

Дереккөз: inform.kz

19 маусым 2018, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.