Атырау, 29 наурыз 09:41
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ақсақ бағана

2 080 просмотра

Қала сыртындағы Водниково ауылында тіреуі бел ортасынан сынған бетон электр желісі бағанасының тұрғанына бірнеше жыл болған. Алайда бұл тек жергілікті тұрғындарды ғана мазалауда.

- Бір күні балаларымыздың үстіне құлай ма деп қорқамыз,- дейді жергілікті тұрғындар.  

Қалалық ТКШ көлік, энергетика және байланыс секторының меңгерушісі Қуаныш ИБРАГИМОВ өздерінің бақылауына жаңа бағаналарға өтетін желілердің кіретінін, ал ескілері «Атырау-Жарықтың» балансында екендігін айтты. Алайда «Атырау-Жарық» АҚ-тың бөлім басшысы Марлен ЕРНАЗАРОВ мұнымен келіспейді:

- Бізге тек сол жердегі трансформаторлар ғана қарайды. Ал желі мен бағаналар қалалық ТКШ бөлімінің балансында.

Балықшы ауылдық округі әкімінің м.а. Самат ЕМБЕРГЕН бұл жағдайдан хабарсыз екендігін, өйткені тұрғындардан әкімдікке ешқандай шағым түспегенін айтты.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суреттерді түсірген автор

19 маусым 2018, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.