Атырау, 26 сәуір 02:14
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ливияда Әл-Каида ұйымының жетекшісі тұтқындалды

1 821 просмотра


Ливия Ұлттық әскери отряды Әл-Каида террористік ұйымының жетекшілерінің бірі Әбу Сафьян бен Камуды тұтқынға алды, - деп хабарлайды жергілікті «Al Arabiya» телеарнасы. 

Телеарнаның хабарлауынша, Әбу Сафьян бен Каму Дерна қаласындағы террористерге қарсы соңғы операция барысында қолға түсірілген. 59 жастағы бен Каму 1980 жылдардың ортасында Ливиядан шыққан. 

Ол Судан арқылы Ауғанстанға жетіп, Әл-Каиданың жаттығу лагерінде дайындықтан өткен. Атышулы Усама бен Ладен Суданға келген кезде бен Каму оның жеке жүргізушісі әрі күзетшісі болған. 

Сол жылдары ол АҚШ-тың арнайы тағайындалған әскери бөлімі тарапынан тұтқынға алынып, Гуантанамодағы абақтыға қамалған. Кейін, 2007 жылы Ливияға экстрадицияланған Каму, 2011 жылғы кезекті бір көтеріліс кезінде Триполидегі түрмеден қашып кеткен.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Камудың тікелей жетекшілік етуімен орын алған ең ірі террорлық іс — 2012 жылы Ливияның Бенгази қаласындағы АҚШ-тың дипломатиялық өкілдігіне жасаған шабуыл. Осы шабуыл кезінде америкалық төрт дипломат пен АҚШ-тың елшісі қаза тапқан. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

19 маусым 2018, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.