Атырау, 19 сәуір 00:03
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Жұмыс беруші үлгілі қызметкердің баспанасына алғашқы жарнаны құя алады - Нұрлы жер

1 681 просмотра


Министрлер кабинеті "Нұрлы жерді" мемлекеттік бағдарлама ретінде бекітті. Ал "7-20-25" ипотекалық бағдарлама болып қала береді. Аталған екі құжатты үндестіру мақсатында "Нұрлы жерге" бірқатар өзгерістер енгізілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, "Нұрлы жерге" енгізілген маңызды өзгерістердің бірі - жұмыс берушінің өз қызметкерінің баспанасы үшін алғашқы жарнаны құю тетігі. 

"Біз мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға өз қызметкерлеріне жәрдем жасауға рұқсат бердік. Мәселен, 20 проценттік алғашқы жарнаны құю керек деп отырмыз ғой. Соған көмектесуге болады. "Тұрғын үй жарнасы" дейміз ғой. Осындай тетіктерді енгізіп жатырмыз. Жақсы жұмыскер болса, сол қызметте көп жылдар жұмыс істесе, көмек беруге болады. Ауруxанада, басқа жерде, ауруxананың жағдайына қарай ақшасы болса, жұмыскерлерге ондай көмек жасауға болады", - деді Қ.Өскенбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. 

Айта кетейік, "Нұрлы жерге" енгізілген тағы бір өзгеріс - ипотекалық заемдарды субсидиялауды тоқтату. 

Себебі аталған шаралар "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы аясында атқарылады. Бұдан бөлек, бұрын әкімдіктер салған үйлер тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана берілсе, бұдан былай барлық азаматтарға таратылады. 

Аталған бағыт бойынша өңірлерде бір шаршы метрдің бағасы 140 мыңнан аспайды. Ал Астана, Алматы, Ақтау мен Атырауда 180 мың теңгеден артық болмайды. 

"Сосын, бұрын әкімдіктер өздері ғана салушы еді ғой. Бірақ ол үшін конкурс өткізу керек, тендер  және тағы басқа рәсімдері көп. Қазір біз айтамыз, оны өздеріңіз жасай бермей, сол жердегі компаниялар өз ақшаларына салып тастаса, жаңағы бағамен сатып алуға болады. Сонда уақытты үнемдейміз. Дайын үй болса, оны сатып алу құқығын беріп отырмыз", - дейді Қ.Өскенбаев.

Дереккөз: inform.kz

19 маусым 2018, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.