Атырау, 25 сәуір 19:15
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Шымкенттің аквапаркінде суға тұншыққан бала есін жиды

1 139 просмотра


Шымкенттің аквапаркінде 14 жастағы жасөспірім суға тұншығып, комаға түскен болатын. Аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан бала бүгін есін жиып, палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім емдеу мекемесіне 11-ші маусым күні кешкі сағат 18.00-дер шамасында түскен. 

«Науқас ауруханаға жеткізілгенде ес-түзсіз, ауыр жағдайда болатын. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Тиісті емдік шаралар жасалды. Тексеру барысында баланың өкпесі ісінгені, аспирациялы пневмониямен ауыратыны анықталды. Сондай-ақ, қуығы жарылып кеткені белгілі болды» делінген хабарламада. 

Дәрігерлер жасөспірімнің қуығына ота жасаған соң ғана беті бері қарап, жағдайы қалыпқа түскен. Қазіргі таңда науқас тиісті емдік шараларын қабылдауда. Мамандар баланың өміріне қауіп жоқ екенін айтады.   

Дереккөз: inform.kz

19 маусым 2018, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.