Атырау, 29 наурыз 18:15
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті

1 515 просмотра


Құтқарушылар балықшыларды жағалаудан бес шақырымдай жерде тапты. Каспий теңізінде жағалаудан алыстап кеткен екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖ жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

"Оқиға 2018 жылдың 17 маусымында Каспий теңізінің жағалауында болған. Резина қайыққа мінген екі адам жағалаудан төрт-бес шақырымдай алыстап кетіп, өз беттерімен қайта алмаған. Қатты соққан жел қайықты ұшырып әкетіп, ашық теңізге шығарып жіберіпті", — деп хабарлайды ТЖ қызметі.

Құтқарушылар балықшыларды жағаға алып шығып, Ақтау қаласына жеткізіп салды.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 маусым 2018, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.