Атырау, 25 сәуір 02:04
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Колумбиядағы президенттік сайлауда Иван Дуке жеңіске жетті

1 726 просмотра


Колумбияда өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде «Демократиялық орталық» партиясының өкілі Иван Дуке жеңіске жетті. Алдын ала қорытындыға қарағанда оны дауыс берушілердің 54 пайыздан астамы қолдаған.

Ал солшыл партиялардың атынан түскен Богота қаласының бұрынғы мэрі Густаво Петро сайлаушылардың 42 пайызға жуық дауысына ие болды. Азаматтық хал әктілерін тіркеу ұлттық басқармасы саяси шара кезінде өресекел заң бұзушылық тіркелмегенін хабарлады. Және де бұл сайлаудың ел тарихында ең бейбіт өткен дода екенін атап өтті.

Ал қазіргі ел президенті Хуан Мануэль Сантос Дукені жеңісімен құтықтап оған билікті беруде жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. 

Еске сала кетейік, Колумбиядағы презденттік сайлаудың 1-туры 27 мамырда өтіп, Иван Дуке мен Густаво Петро жеңген еді. 

Иван Дуке, президенттік сайлаудың жеңімпазы:

- Мен елімізді біріктіру үшін барлық күшімді салуға уәде етемін. Бұдан былай ешқандай бөлініс болмауы тиіс. Бүгінгі сайлауда жеңгендер де жеңілгендер де жоқ. Өйткені мен барлық колумбиялықтардың Президенті болатынымды айтқым келеді. 

Густаво Петро, «Адамгершіл Колумбия» қозғалысының үміткері:  

- Біз Дукенің жеңісін мойындаймыз. Бірақ мен өзімді жеңілдім деп ойламаймын. Енді біз оның үкіметіне қарсы оппозиция құрып, еліміздің өркендеуі үшін жұмыс істейміз.

Дереккөз: 24.kz

18 маусым 2018, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.