Атырау, 20 сәуір 09:14
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Той тартусыз болмайды

3 123 просмотра

Сурет интернеттен алынды

Астананың 20 жылдығы мен Назарбаевтың туған күнін тойлауға  (кездейсоқ сәйкестік - ҚР Жоғарғы Кеңесі астананы көшіру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған еді, оның тұсаукесері 4 жылдан соң кесілді) Атырау облысы сыйлық дайындауда.

Фото: astana.gov.kz

Бұл - Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған көпір. Өткел «Самал» ықшам ауданында салынған және оң жақ жағалаудағы тұрғын үй массивін сол жақ жағалаудағы орталық бақпен жалғайды. Көпір параметрлері: ені - 10,5 метр, оның ішінде 6 метрі - жаяу жүргіншілер жолағы, 3 - велосипед жолы; жарты метрі - олардың арасындағы қауіпсіздік жолағын құрайды. 0,5 метрден тағы екі жолақ – таяныш қоршауы бар. Көпірдің орталық осі бойынша жалпы ұзындығы 396 метр, орталық бөлігі 18 метрге дейін кеңейеді. Бұл жерде қала көрінісі ашылатын екі шолу алаңы орналасқан. Бұдан басқа, осы жерде биіктігі 40 см 4 кертпеш бар, оларды орындықтар немесе кішігірім көше қойылымдарын өткізуге арналған шағын амфитеатр ретінде пайдалануға болады. Бұдан әрі ұзындығы 96 метр бақ аумағына түсетін айналма жол бар. Көпірдің аралық құрылысы мен таянышы металдан жасалған. Құрылым салмағы 2 мың тоннаны құрайды. Мүгедектер үшін лифт қарастырылған.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, астаналық әкімдік жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, құрылыс жұмыстарына инвесторды  - BI Group компаниясын тартқан. Мұнайлы өңір нысанды құрылысшылардан сатып алып, Астанаға тарту етпек.

Нысан құны үлкен құпияда ұсталып отыр, бірақ интернетте 6 миллиард теңге деген цифр кезіп жүр. «Ақ үйдің» баспасөз қызметі біздің редакция сауалымызға қаржылық күштің жергілікті бюджет пен кәсіпкерлерге түсетінін айтты. «Бұл әлдебір қор бола ма?» - деген «AЖ» сауалына «Жоқ, бұл басқа механизм болады», - деп жауап берді баспасөз қызметі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 маусым 2018, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған