Атырау, 29 наурыз 12:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мәскеуде такси көлігі бір топ адамды қағып кетті

2 113 просмотра


Мәскеуде такси көлігі бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан жеті адам зардап шекті. Бұл туралы ТАСС агенттігі қаланың шұғыл қызметтеріне сілтеме жасап хабарлады. 

«Ильинка көшесіндегі 4-інші үйдің жанында такси көлігі алдымен жол белгісіне соғылып, кейін бір топ адамды қақты. Алдын ала мәлімет бойынша, жеті адам зардап шекті», - деді агенттіктің дереккөзі. 

Жол апатының мән-жайы мен зардап шеккендердің денсаулық жағдайы анықталу үстінде. Полиция жүргізушіні ұстады. 

«Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Ол ұсталып, аумақтық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті ІІМ-нің Бас басқармасынан. 

Қаланың шұғыл қызметіндегі дереккөз зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілгенін айтты. 

Айта кетейік, осы күндері Ресейде футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионаты өтуде. Әлемдік кіл мықты командалардың кездесуі 14 маусым - 15 шілде аралығында РФ-ның 11 қаласында, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону, Самара және Саранскіде өтеді. Чемпионатқа әлемнің 32 үздік ұлттық құрамалары қатысуда.  

Дереккөз: inform.kz

17 маусым 2018, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.